«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ

Ақтөбе облысының әкімі Е.Тоғжанов Мұғалжар ауданынына іссапар барысында 1966 жылы салынған бұрынғы теміржолшылар клубы (клуб железнодорожников), яғни қазіргі аудандық Мәдениет үйіне арнайы барды. Ол жерде бүгінде балаларға арналған үйірмелердің көбейгені, ғимараттың шағын болуы, үйірме бөлмелерінің жетіспеушілігіне байланысты Қандыағаш қаласының орталық даңғылы — «Тәуелсіздік» көшесінің бойына жаңа мәдениет ошағын салу мақсатында өткен жылы жобалық-сметалық құжаттама дайындалған болатын. Құжат бойынша ол жерде жалпы алаңы 2600 м2 , 400 адамға арналған көрермен залы, одан бөлек 80 адамға арналған конференция және де семинар-тренингтер өткізетін шағын конференция залдары бар, 1, 2 қабаттарында халық театры, би ансамлі, қобыз, домбыра халық аспаптары оркестрі және фортепиано үйірмелеріне арналған бөлмелері қарастырылатын болады.
Облыс әкімі осы жоба жөніндегі есепті тыңдап, жан-жақты талқылап, қолдау білдіріп, облыстық экономика басқармасына келесі жылдың бюджетіне енгізуді тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНДЕ — ЖАҢА БАСШЫ

admin_mugalzhar

Биылғы оқу жылының ұзақтығы мен каникул мерзімдері бекітілді

admin_mugalzhar

ЖҰРЫН: БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.