«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚУАНЫШ — ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖОЛДАСЫМ

Ширек ғасыр бойы «Октябрь туы»-«Знамя Октября» газетінде мен Қуаныш Кенжеғалиев, Жолдымұрат Сегізбаев үшеуміз бірге қызметтес болдық. Қуаныш пен Жолдымұрат қандайда бір тақырыпта қалам тербеуде шеберлік танытатын. Іссапарларға да үшеуміз бірге баратынбыз. Тіпті бізді «великолепная тройка» деп атайтын.

Ең алғаш Қуанышпен бірге іссапарда 1973 жылы Талдысай елді мекенінде болғанымыз есімде қалды. Ол сол іссапарда қойын дәптері мен қаламсабын қолға алмағанды, оның себебін жылдар өткеннен кейін есіме түсіп отыр. Ол сол елді мекеннің Көшкінші шүрені екен. Яғни сол жердің тарихын, тіршілігін бес саусағындай білгесін, оған қағаз-қалам керек те болмапты.

Ауыл шаруашылығы саласындағы еселі еңбекті, озық азаматтарды газетке шебер бейнелей білген Қуанышты үздік журналист деп білемін. Ол бірнеше кітаптардың авторы, талай шәкірт тәрбиеледі, өз білгенін өзгеге үйретуден жалыққан емес. Қарапайым тілшіден аудандық газеттің редакторлығына дейін лауазымды қызметте еңбек етті.

Қиын қыстау кезінде әріптестеріне қол ұшын бере білді. Әлі есімде типография қызметкері Болатқа үш бөлмелі пәтер алып беру үшін жан-тәнін салып, өз қызметкерлеріне жанашырлық танытты.

Міне, мен білген Қуаныш осындай адам. Бүгінде өмірінің бір белесі — 75 жасқа толып жатқан Қуанышты мерейтойымен құттықтаймын! Еңбегінің жемісін көріп, немере-шөберенің қызығына тоймай жүре берсін деп тілеймін!

Смағұл ҚҰДАБАЕВ, ардагер, Қандыағаш қаласы

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде 1 және 3 жасар сәбилерден коронавирус анықталды

admin_mugalzhar

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттарды қабылдау 16 шілдеде басталады

admin_mugalzhar

АУДАНДА ЖАС ҰСТАЗДАР КЛУБЫ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.