«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
«Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы 2022 жылғы 21 қыркүйек Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.
Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген Қаулыда.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы Нұрғиса Тілендиев ескерткішінің ашылуына орай құттықтау жолдады

admin_mugalzhar

Как открыть счет для добровольных пенсионных взносов

admin_mugalzhar

АНАЛАР САЙЫСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar