«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АНАЛАР САЙЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясында «Ынтымағы жарасқан аналар» тақырыбындағы сайыс өтті.
«Тіл — асыл қазынам» атты онкүндік аясында 1 наурыз — Алғыс айту күніне арналып ұйымдастырылған шараға мектептің 1 «Ә», 3 «Б», 3 «Д» және 3 «Г» сынып оқушыларының аналары қатысты.
Аналар арасындағы сайыс
«Таныстыру», «Тәлім-тәрбие және шеберлік», «Кімнің ойы ұшқыр?», Өнерлі өрге жүзер» , «Кім жылдам?» және «Ас адамның арқауы» кезеңдеріне бөлінді. Осы аталған бөлімдер бойынша әр топ өз өнерлерін, тапқырлықтарын, біліктіліктерін, білімдерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сайыс қорытындысы бойыша, қатысушылар «Ең белсенді топ», «Ең шығармашыл топ», «Ең креативті топ», «Ең ұйымшыл топ» және «Ең өнерлі топ» аталымдарымен марапатталды.

 

Ұқсас ақпараттар

Биыл облыста газдандырылған ауылдар саны 196-ға жетеді

admin_mugalzhar

Қысқы Универсиада: Қазақстандық спортшылар 10 спорт түрінен бақ сынайды

admin_mugalzhar

ПОГОН ТАҚҚАН ОЛЬГА

admin_mugalzhar