«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

“AMANAT»: КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXII КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін партияның аудандық филиалының ғимаратында өткен конференцияға аудан әкімі А.Т.Шериязданов төрағалық жасады. Жиынға бастауыш партия ұйымының төрағалары, аудандық мәслихат депутаттары, партия белсенділері мен ардагерлері қатысты.
Жиында «AMANAT» партиясының жаңа тұғырнамасы қаралып, сонымен қатар партияның Ақтөбе облыстық филиалының кезектен тыс XXXIII конференциясына делегаттар сайланды.
Күн тәртібіндегі негізгі сұрақ партияның жаңа саяси тұғырнамасымен атқарушы хатшы К.Қ.Бектұрғанов таныстырды. Делегаттардың арасынан партия ардагері, аудандық коғамдық кеңестің хатшысы Т.Ж.Махимов тұғырнама туралы өз ойын, жинақтаған тәжірибесіне сай, алдыңғы тұғырнамамен салыстырмалы түрде жақсы жеткізіп, партия жұмысының мемлекет саясатымен сабақтастық түрінде жүргізіліп отырғандығын айтты.
Саяси тұғырнама бойынша партия белсенділері мен ардагерлері өз ойларын білдіріп, партия бағытын бірауыздан қолдайтындығын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

27 ауылға газ тартылады

admin_mugalzhar

Covid-2019: Қазақстан «жасыл» аймаққа өтті

admin_mugalzhar

Иманбек Зейкенов Roses ремиксімен «Грэмми» жүлдесін жеңіп алды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.