«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕМБІ МЕН ЖЕМДЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Ембі және Жем қалаларында сенбілік жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Сенбілік аясында қала аумағындағы орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасы түгелдей тазартылуда.

Жүргізіліп жатқан екі айлық сенбілік барысында Ембі қаласындағы мекемелер мен ұйым  қызметкерлері, қала тұрғындары бір кісідей атсалысып, көшелерді абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Ембі қалалық әкімдігінің берген мәліметіне сүйенсек, өткен аптада қала бойынша 21 тонна қоқыс арнайы полигон аймақтарына шығарылған. Сенбілік жұмыстарына 60-қа жуық адам жұмылдырылған.
Ал Жем қаласы бойынша жүргізілген сенбілік жұмыстар аясында 3 тонна қоқыс шығарылған. Тазалық жұмыстарына қала аумағындағы мекемелердің қызметкерлері атсалысқан. Олар қаладығы «В.Унучко», «Бейбітшілік», «Гагарин», «Есет батыр» көшесін күл-қоқыстан тазартқан.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе өңірінде мал иелеріне 144,3 млн теңге өтемақы төленді

admin_mugalzhar

Биыл мыңнан астам су маманы Қытайда біліктілігін арттырады

admin_mugalzhar

Облыста 2025 жылға дейін 60 миллион орман көшеті егіледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.