«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚОС ЖҮРЕК ПЕН БІР ТІЛЕК ТОҒЫСҚАН ЖАРТЫ ҒАСЫР

Бір шаңырақ астында өмір сүріп, гауһар тойға қол ұстасып жарымен бірге жеткен жанда әсте арман болмас. Отбасылық өмірдің елу күзі мен жазын артқа тастап, бала-шаға мен немере-шөбере ортасында бақытқа бөленіп, елдің амандығын тілеп отыру екінің бірінің маңдайына бұйыра бермейтін шын бақыт. Маңдайларына осындай бақ жазған, жігіттік шақ пен қызғалдақ ғұмыр кезінен бірге соққан қос жүректің әлі күнге дейін үндесуінің сырын мұғалжарлық алтын жұп, Балғазиндер әулетінің қазыналары Нұрлан атай мен Абриза әжей айтып берді.

Нұрлан Балғазин 1947 жылы Құмжарған ауылында дүниеге келсе, Абриза әжей 1952 жылы Жағабұлақ ауылында өмірге келгенекен. Екеуінің бір отбасы болып ғұмыр кешкендеріне 50 жылдан асыпты. Бүгінде ата-әже атанған, жарты ғасыр бұрынғыжігіт Нұрлан мен бойжеткен Абриза қалай шаңырақ көтерді екен өзі?.. Мектепті үздік оқып, қызыл куәлікпен бітірген бойжеткен Абриза Алматы қаласындағы қыздар институтына оқуға түспек болып дайындалып жүреді. Сол уақытта әскерден енді келген жігіт Нұрлан бойжеткенді алып қашады. Содан бері жұптары жазылмай 50 жыл өтіпті арада…

Шаңырақ көтергеналғашқыжылдары қойшы ауылда қой баққан. Кейін отағасы сол жақта механизатор болса, отанасы ауыл мектебінде кіші қызметкер болған. Сөйтіп жүргенде бұл шаңырақта бірінен соң бірі он бала өмірге келеді. Бүгінде ол балалар өмірден өз орындарын тауып, әке мен ана берген тәрбиені бойларына сіңіріп, бір-бір мамандық иесі атанып, өздері шаңырақ көтеріп отырған жайы бар.

«50 жылда ел жаңа» дейді қазақ. Бүгінде ата Нұрлан мен әже Абризаның өмірі де өзгеріп, ұрпағымен толығып, жапырақтары жайқалған отбасының алтын діңгегіне айналды. Осыкөрінген ұрпағынанбүгінде 33 немере, 4 шөбере сүйіп отыр. Отау құрғандарына жарты ғасырдан асып бара жатқан кейіпкерлеріміздің балалары өткен жылы ата-аналарының алтын тойларын жасаса, биыл әкелерінің 75, ал аналарының 70 жас мерейтойын тойлағалы отыр екен.

— Әкем шаруаға жылдам, өте байсалды, әр істің ретін, жөнін білетін жан. Біз ес білгелі әкем мен шешем бізді еңбекқорлыққа үйретті, содан жаман болмадық. Ауылшаруашылығы саласын балалық шақтан меңгергендіктен, қазір өзім де әкеана салған осы сара жолмен жүріп келемін. Білмей, қиналып жатсам, бірден әкем мен анамның ақылына жүгінемін. Ата-анамыз балаларын қатарынан қалдырмай, аяқтандыру, бауырымызды бүтіндеуді ойлап, шаруа бастаса, бүгінде біз, балалары сол шаруашылық тізгінін қолға алып, шама келгенше берген ырыздық пен несібесін қанағат тұтудамыз. Әкеммен анамның табаны тиген, олардың маңдай тері тамған жер біз үшін қастерлі әрі қасиетті. Қазірдің өзінде бос отырғысы жоқ. «Әкеге қарап ұл өсер» демекші, ата-анамыздың осындай еңбекқорлығының арқасында біз де 4-5 жасымыздан бастап түрлі шаруаларға ерте араластық. Ерте дегенмен, болашағымызға қаншама мол азық жинай білдік. Мен оны мақтанышпен айтар едім. Расымен, бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі басым екенін осыдан білуге болады. Мен өзім үйде төртінші перзент болып келемін. Үш апам, үш інім, үш қарындасым бар, құдай көпсінбесін деймін. Мәуелі бәйтеректей биік, жапырағы жайқалған отбасымыздың алтын діңгегі осы ата-анамыз. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмасакерек. Осыорайдабаршаатаәжелерімізді мерекелерімен құттықтаймын. Дендері сау, отбасылары аман болсын дегім келеді, — дейді әкесі мен анасын ерекше жақсы көретін, қара шаңырақта отырған Руслан Нұрланұлы.

Баласының осылайша әдемі қарттықта қолдарына су құйып, еркелетін отырғанына қос бәйтерегі де риза

Біздің осы өмірдегі барымыз да, нарымыз да, байлығымыз бен бақытымызда — ұл-қыздарымыз және немере-шөбереміз. Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш — бала сүю. Құдайға шүкір, жаратқанның берген, бәйбішем екеуміздің алтын асықтай төрт ұл, инабатты, аяулы алты қызымыз бар. Олардың өздері де бүгінде отбасылы. Балаларымыздың осындай жарастығына қарап іштей тәубе деп жүреміз. Жас отбасыларға айтарымыз — әрқашан тату болыңдар. Қиындық кезікпейді емес, кездеседі. Соған бірге төтеп беру керек, шыдамды болып, бәріне сабырмен қарап, ақылға салсаңдар, алынбайтын қамал, шешілмейтін мәселе жоқ, — дейді әулеттің үлкені Нұрлан ата.

Бір жүрек, бір тілек, бір арман бір арнада тоғысқандықтан, олар бақытты. Сонау тарихы тереңге кеткен, ықылым замандарда ел билігіне араласқанТомирис ханшайым, Домалақ ана тәрізді данагөй аналар салып кеткен даңғыл жолды жалғастырушы, бүгінгі әйел бейнесінің насихаты, алтын құрсақты Абриза әжейдің өмір жолы кімге болса да үлгі. Қара шаңырақта жайылған ақ дастарқан басында жиналған ұрпағының ортасында отырған қос қарияға қарап біз де өзімізге дәл осындай мәндіөмір, саналы ұрпақ, әдемі қарттық тіледік…

Айдана НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе — Нүкіс әуерейсі қашан іске қосылатыны белгілі болды

admin_mugalzhar

Тоқаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

admin_mugalzhar

АУДАН ШАРУАЛАРЫ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.