«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Бүгін аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұстаз аты — биік, әрі мәңгілік» атты ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараға аудан аумағында орналасқан жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, білім беру саласының ардагерлері қатысты.
Мереке иелерін аудан әкімі Асқар Шериязданов құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар білім беру саласында елеулі еңбек еткен зейнеткер-ұстаздар мен мұғалімдерді Алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар облыс әкімі Ералы Тоғжановтың, облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырханның Құрмет громаталарын табыстады.


Аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол да өз атынан болашақ ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген мұғалімдерді мерекесімен құттықтап, Алғыс хатпен марапаттады.
Шара барысында қала мектептерінде оқитын өнерлі оқушылар ән мен жырдан шашу шашып, мың бұрала би билеп, күмбірлетіп күй тартып, жыр шумақтарын арнады. Кеш жүргізушілері ардагер ұстаздарға көп қырлылықты талап ететін мамандықтары туралы түрлі сауалдар жолдады. Ал ардагерлер өмір жолдары туралы әдемі естеліктерімен бөлісті.


Кеш қонақтары өздеріне арналып жайылған дастарханнан дәм татып, риза болып тарқасты.

Ұқсас ақпараттар

СОҒЫМ СҮЙКІМДІ БОЛСЫН!

admin_mugalzhar

«Ауыл аманаты» Ақтөбе облысы ауылдарындағы жұмыссыздықты жояды

admin_mugalzhar

Ақтөбеде Heriot-Watt университетінің филиалы ашылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.