«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ — 2022» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Ембі қаласында «Екі жұлдыз-2022» ән байқауы ұйымдастырылды. Байқауға Ембі қалалық №2, 4 орта мектептері, «Нұр» балабақшасы, қала жастарынан «Құрама» топ және Жем қаласы №5 орта мектебінен бір-бір жұптан қатысты. Екі кезеңнен тұрған байқау ретро әндер мен еркін тақырып және таңдаған әндерге көрініс көрсету бойынша өтті. Осы шарттарды орындаған қатысушылар 80-90 жылдардағы әндерді шырқап, келуші көрермендердің көңілінен шықты. Қазылар алқасы қатысушылардың орындаған шығармаларына, образына, сахна мәдениетіне, өзін-өзі ұстауына көңіл бөліп, әр қатысушыға тиісті бағаларын берді.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

ЖЕМІС-ЖИДЕК — ЖАЗ ДӘМІ: ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ

admin_mugalzhar

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ БАСТАУЫ

admin_mugalzhar

2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанның ЖІӨ 6%-ға өсті

admin_mugalzhar