«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Рүстем Қайыртай – бас жүлде иегері!

Есет батыр Көкіұлының 355 жылдығына арналған шаралар аясында Ақтөбеде өткен республикалық айтыста Абай облысынан келген ақын Рүстем Қайыртай бас жүлдеге ие болды, — деп жазды «Ақтөбе» газеті.
“Атасының есімін асқақтатқан,
Арда жұрты, армысың, Ақтөбенің!” (Серік Қуанған) – деп, еліміздің әр өңірінен келген ақындардың айтысын жұртшылық екі күн бойы тамашалады.

Айтысқа барлығы 16 ақын қатысқан еді. Солардың арасынан екінші кезеңге 8 ақын шығып, төрт жұп болып: Серік Қуанған (ШҚО) мен Рауан Қайдаров (Павлодар облысы), Қазырет Бердіхан (Алматы қаласы) мен Біржан Байтуов (Шымкент қаласы), Рүстем Қайыртай (Абай облысы) мен Шұғайып Сезімхан (Алматы қаласы) және Жұлдыз Қожабекова (Ақтөбе облысы) мен Шалқарбай Ізбасаров (Атырау облысы) айтысты.
Сондай-ақ, Біржан Байтуов, Рауан Қайдаров, Жұлдыз Қожабекова, Шұғайып Сезімхан, Қазырет Бердіхан, Шалқарбай Ізбасаров сынды ақындар да жүлдеге ие болды.
Бас жүлде иегеріне 1,5 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы сертификаты тапсырылды.

Ұқсас ақпараттар

ЕСТЕЛІКТЕН ЕСКЕН ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАР ҚАСІРЕТІ…

admin_mugalzhar

ӨТКЕН КҮНДЕР ЕСТЕЛІГІ

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ШАРАЛАР БОЙЫНША ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.