«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖҰМЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

ЖҰМЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМГЕ ӨТІНІШТІ EGOV.KZ ПОРТАЛЫ, ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ БЕРУГЕ БОЛАДЫ.

Egov.kz порталы арқылы өтініш беретіндер порталға кіріп, іздеу жолында «Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» деген қызмет атауын теруі, қызметті онлайн сұратуы керек. Портал ең алдымен тұрғылықты ауданыңызды растауды сұрайды. Содан кейін анықтаманы алу арқылы жұмыссыз ретінде тіркелгендігіңізді растауыңыз, ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қоюыңыз қажет. Қызметтің нәтижесін жеке қабинетіңізден біле аласыз. Ал ХҚОғы арқылы кезекті алдын ала онлайн брондау керектігін тілге тиек еткен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Жанұзақ Беркімбаев ХҚО-ға барған сәтте жеке куәлік, жұмыссыз ретінде тіркелгеніңіз туралы анықтама (жұмыспен қамту орталығынан алынады) мен жәрдемақы аударылатын банк шоты туралы ақпаратты алуы керектігін айтты. Жұмыспен қамту орталығына да жоғарыда аталған құжаттар тізімі тапсырылады. Жәрдемақыға өтініш беруші жұмыссыз ретінде тіркелген және бұған дейін ресми жұмыс істеген азамат болуы керек. — Өтініш 8 жұмыс күні ішінде қаралады. Жәрдемақы 1 айдан 6 айға дейін төленуі мүмкін және азамат жұмысқа орналасқан жағдайда тоқтатылады . Жәрдемақы мөлшері азаматтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі төлемдер негізінде тағайындалады, — деді Жұмыспен қамту орталығының басшысы Төлеулі Махимов.

«МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Биыл 600 мыңға жуық қызметкердің жалақысы 20%-ға өседі

admin_mugalzhar

Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 60-қа жетті

admin_mugalzhar

ҚАҢҒЫБАС ИТТЕР – ҚАУІПТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.