«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ИЕСІЗ ИТ-МЫСЫҚТАР ҚАУІПТІ

Сан алуан түрге бөлінетін паразитарлы ауруларға шалдығушылардың қатары жыл сайын көбейіп бара жатқанын айтқан ауданның санитариялық мамандары аудан тұрғындарының назарына дезинфекциялық талаптардың қатаң сақтау қажеттігін және иесіз ит-мысықтардан аулақ болу керектігін ескертті.
Олардың берген мәліметіне сүйенсек, биылғы жылы ауданда энтеробиоз ауруы бойынша екі науқас тіркелген. Оның біреуі — бала. Ал аскаридоз ауруымен 3 адам, лямблиоз ауруымен 2 адам сырқаттанып қалған. Эхинококкоз ауруының көрсеткіші биыл 3 жағдайға өскен. Оның біреуі — бала, екеуі — ересек адам. Науқастармен қатынаста болған үй жануарлары бақылауға алынып, серологиялық-иммунологиялық зерттеуге қан сынамалары алынған.
— Паразитарлы инвазия көп жағдайда жеке гигиенаның сақталмауынан, иммунитеттің әлсіздігінен, дұрыс тамақтанбаудан, ферменттердің белсенділігі жоғалуынан болады. Дерматомикоз ауруы бойынша 11 жағдайы тіркелсе, оның 10-ы балалар арасында анықталды. Аталған ауруға көбінесе балалар шалдығады. Оны балалардың үй жануарларымен жиі ойнайтынымен түсіндіруге болады. Қаңғыбас ит пен мысықтардың түр-келбеті сау көрінгенімен ауру тасымалдаушы болуы мүмкін. Дерматомикоз, қышыма ауруларының өршуін болдырмау мақсатында үнемі санитариялық ағарту, түсіндіру жұмыстарын өткізіп отырамыз, — деді аудандық санитариялық эпидемиологиялық басқармасының бөлім басшысы Радина Иржанова.
Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

ҚОЖАСАЙДА МЕДПУНКТ САЛЫНЫП ЖАТЫР

admin_mugalzhar

Қазақстанда маусым айында 2%-тік ипотекаға өтінім қабылдау басталады

admin_mugalzhar

ЕСТЕЛІКТЕН ЕСКЕН ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАР ҚАСІРЕТІ…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.