«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МӘРТЕБЕЛІ МӘУЛІТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Аудандық «Нұртай» мешітінде мұсылман баласы үшін маңызды да мерейлі саналатын Мәуліт мерекесі аталып өтті.

Аталған мешіттің бас имамы Асемхан Ерғазин жиналғандарды мерекемен құттықтап, Мұхаммед пайғамбардың өнегелі өмірі туралы кеңінен айтты. Мұхаммед пайғамбардың туған күніне орай өткен рухани кешке келгендерге дастархан жайылып, ас берілді. Пайғамбарға салауат айтылып, рухына құран бағышталды. Екі дүниенің елшісі болған Пайғамбардың барша мұсылман баласына жүктеген қасиетті парыздары да сөз болды. Сонымен қатар жамағаттар арасында Мұхаммед пайғамбардың өміріне байланысты сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Сұрақтарға толыққанды жауап бергендерге түрлі сыйлықтар табысталды.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Бірінші сыныпқа балаларды қабылдау жалғасуда

admin_mugalzhar

Қараусыз бала қылмысқа ұрынады

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян Бірлескен мәлімдеме қабылдады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.