«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МӘРТЕБЕЛІ МӘУЛІТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Аудандық «Нұртай» мешітінде мұсылман баласы үшін маңызды да мерейлі саналатын Мәуліт мерекесі аталып өтті.

Аталған мешіттің бас имамы Асемхан Ерғазин жиналғандарды мерекемен құттықтап, Мұхаммед пайғамбардың өнегелі өмірі туралы кеңінен айтты. Мұхаммед пайғамбардың туған күніне орай өткен рухани кешке келгендерге дастархан жайылып, ас берілді. Пайғамбарға салауат айтылып, рухына құран бағышталды. Екі дүниенің елшісі болған Пайғамбардың барша мұсылман баласына жүктеген қасиетті парыздары да сөз болды. Сонымен қатар жамағаттар арасында Мұхаммед пайғамбардың өміріне байланысты сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Сұрақтарға толыққанды жауап бергендерге түрлі сыйлықтар табысталды.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Елімізде теле және радиохабар тарату уақытша тоқтатылады

admin_mugalzhar

ЖАҒАБҰЛАҚТА ЖАҢА КЕШЕН

admin_mugalzhar

Джек Ма әлемдегі ең бай қытайлық кәсіпкер деген атағынан айырылды

admin_mugalzhar