«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛДЫ ДАМЫТУ — ТҮП ҚАЗЫҒЫМЫЗҒА ОРАЛУ

Қазақстан Республикасының Президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидат Жигули Дайрабаев өзінің өңірлік үгіт-насихатын туған ауылынан бастады. Үгітнасихат тобының жұмысы «Сен біздің ауылдан шықтың» акциясымен ашылды.

Президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев Жамбыл облысы Құлан ауданы Қарақыстақ ауылының ақсақалдарымен, тұрғындарымен, бала күнгі достарымен, сыныптастарымен кездесті. Жиында ауыл өмірі басты назарда болды. Ауылдықтар заманауи ауылдың қандай болуы керектігін айтты. Кандидат назарын тек өз ауылына емес, өңірлердегі барлық 6000 ауылдық елді мекенге көмектесу керектігіне аударды.

«Оңтүстіктегі ауылдардың жағдайы біршама жақсы, бірақ біршама ауылдар қаңырап қалды. Жастардың басым бөлігі жағдайдың жұмыстың жоқтығынан, өмір сүру деңгейінің өте төмендігінен ауылдан кетуге мәжбүр болды. Ауыл мен ауыл шаруашылығы ажырамас ұғым. Бақуатты ауылсыз агроиндустияны дамыту, агроиндустриясыз қуатты Қазақстанды құру мүмкін емес. Осы мәселені қолға алу керек»,— деді өз сөзінде Жигули Дайрабаев.

Туған топырақтан қуат алып, қанаттанған кандидаттың жұмыс сапары Алматы облысында жалғасты. Кандидат пен оның партияластары қоғамдық көлікке мініп, жолаушылармен әңгімелесті. Тұрғындар Талғар ауданына қатынайтын автобустың іргедегі Нұра аулына соқпай кететініне шағымданды. Осыған байланысты жергілікті жұртшылық елді мекенге жету үшін шамамен 4 шақырым жаяу жүруге мәжбүр. Саяси бірлестік өкілдері сондай-ақ Нұра аулындағы мектеп пен аурухана жағдайымен танысып, халықпен кездесті. Өзі білім алған Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіне ат басын бұрып, студенттермен, оқытушылармен және қызметкерлермен, сондай-ақ курстастарымен кездесті. Кездесу барысында ол өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, «Ауыл» партиясы қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді.

«Қазақстанда аграрлық ғылым, ғалымдар бар екендігін айту керек. Өкінішке орай, олардың ғылыми-зерттеу қызметінің сапалы нәтижелері аграрлық өндіріске жетпейді» деген ол, елдегіғылыми қызметті дамыту үшін барынша күш салуға ниетті екендігіне сендірді.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

ЕМБІДЕ ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТІ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

admin_mugalzhar

Бүгіннен бастап балағаттағандар 70 мың теңгеге жуық айыппұл арқалайды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.