«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘЛЕУМЕТТІ ҚОРҒАУ ТЕҢ БОЛУЫ ТИІС

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен өзінің үгітнасихат жұмыстарын жалғастыруда. Ол барған жерлерінде кәсіподақ өкілдерімен, жастармен, сондай-ақ кәсіпкерлермен және еңбек азаматтарымен кездесулер өткізіп, келелі мәселелерді көтеруде.

Павлодар облысында өткен алғашқы кездесу жастардың бастамаларын дамыту орталығында өтті. Жиында өңір бойынша жұмысқа тұру, тұрғын-үй, еңбекақы мәселелері көтерілді. М.Қажыкен бұл мәселелердің шешу жолдарын ұсынды. Тиісінше баспана алуға шамалары келмейтін отбасылардың аз емес екенін растап, мемлекет әрбір отбасыға жағдай жасауы қажет екенін айтты.

«Бүгінгі таңда жалақы теңсіздігі мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Аймақтарда азаматтар үлкен қалалардағы мамандарға қарағанда аз жалақы алады. Менің ойымша, ұлттық еңбекақы жүйесін біріздендірудің уақыты келді. Нақты реформа арқылы бірыңғай стандартқа енгізу қажет. Бұл жалақы теңсіздігінің жоюға, оларды тарифтеу және индекстеу әдістерін ашық етуге мүмкіндік береді» — деді кандидат.

Мейрам Қажыкен әр адамның қабілеттерін дамытуға және оны өмірдің барлық саласында жүзеге асыруға қажетті жағдайлар мен ресурстар болатындай мемлекет құруға ұмтылатынын атап өтті.

Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамдағы басты міндеттердің бірі — қай жерде тұратыныңызға қарамастан әлеуметтік қорғаудың тең деңгейін қоямын. Кедейлік табалдырығында тұрған отбасыларға, ерекше қабілеті бар адамдарға көмектесуге ерекше көңіл бөлгім келеді — оларға кәсіби іске асыру үшін барлық жағдай жасалуы қажет. Сондай-ақ, қарттарға ерекше көңіл бөлу — олардың лайықты өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасау қажет деп санаймын, — деді.

Үгіт-насихат жұмысының жалғасы Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан ауруханасының диагностикалық орталығында өтіп, медицина қызметкерлерімен кездесті. Кандидат жиналған жұртшылыққа өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Артынан ақ халатты жандар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, медицина саласы бойынша пікір алмасты. Көтерілген мәселелердің ішінде еңбекақыны арттыру, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру, әлеуметтік төлемдер қозғалды. Кандидат өз бағдарламасында медициналық персоналдың тапшылығын жоюды, дәрігерлердің әлеуметтік әлеуетін арттыруды, олардың жалақысын ұлғайтуды, кәсіби жауапкершілікті, сақтандыру жүйесін, еңбек жағдайларын жақсартуға басымдық береді.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

ТЕМІРЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысының әкімі тұрғындарға үндеу жасады

admin_mugalzhar

БАҒЫНДЫРҒАН ӨМІРДІҢ БЕЛЕСТЕРІН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.