«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАУДА

Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды.
Бұл саяси науқанға Мұғалжар ауданының тұрғындарыда қатысып, өз таңдауларын жасауда.
Сайлау учаскелерінің жұмысы ресми түрде еліміздің Гимнімен салтанатты түрде ашылды.

Жалпы аудан бойынша қалалық және ауылдық округтерде 46 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. 42209 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 10 сайлау учаскесі Қандыағаш қаласында, 6 сайлау учаскесі Ембі қаласында орналасқан.
Сайлаушылар жергілікті уақытпен таңғы сағат 07:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін белгіленген учаскелеріне барып, өз таңдауларын жасай алады.

Ұқсас ақпараттар

ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ӘКЕ МЕН БАЛА

admin_mugalzhar

Үкімет Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ШОБ-ты қолдау бойынша «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасын бекітті

admin_mugalzhar

Ақтөбеде Heriot-Watt университетінің филиалы ашылады

admin_mugalzhar