«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ӘКЕ МЕН БАЛА

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МҰРАСЫ САНАЛАТЫН ҚАЗАҚ КҮРЕСІ – ҰРПАҚТАНҰРПАҚҚА ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ЕРЕКШЕ ӨНЕР. БҮГІНДЕ ОСЫ СПОРТ ТҮРІН ЖАС БУЫНҒА ҮЙРЕТІП, ОНЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСЫП ЖҮРГЕН ЖАННЫҢ БІРІ – ҰСТАЗ-ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ӘЛИ АЛТЫБАЙ. ГАЗЕТ ТІЛШІЛЕРІ ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА БАПКЕР ӘЛИ АҒАЙДЫҢ КҮРЕС ЗАЛЫНА БАРЫП, ОҚУ-ЖАТТЫҒУ САБАҒЫНА ҚАТЫСЫП, ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСЫП, ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ҮЙРЕНІП КЕЛДІ.

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ТАРИХЫ ТЕРЕҢ

Бапкермен әңгімеміздің әлқиссасы қазақ күресінің тарихынан басталды. Оның айтуынша, бұл спорт түрі ерте замандардан бері қазақ халқының өмірімен тығыз байланысты. Кезінде үлкен тойдумандар мен мерекелерде балуандар белдесіп, халықтың алдында күш сынасқан. Сол арқылы ел ішінде мықты балуандар танылып, батырлық пен қара күштің символына айналған.

Қазақ күресі бойынша бірінші үлкен жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде ел аумағында өткізіліп тұрған. «Қазақ күресінің атасы» деп қазақтың ұлы батыры Қажымұқан Мұңайтпасовты айтар едім. Оның есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді. Ал қазақ күресінің қарқынды дамуы еліміз егемендік алғаннан кейін басталды. 1991 жылдан бастап қазақ күресінен республикалық чемпионаттар мен біріншіліктер өткізіліп келеді. Бүгінде қазақ күресі ұлттық спорт ретін — де қайта жанданып, халы — қара — лық деңгейде де таны — луда . 2 0 1 2 жылдан бастап еліміз — де жыл сайын қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтеді. Сонымен бірге «Еуразия барысы» халықаралық турнирі де бар. Бұл жарысқа Еуропа мен Азиядан балуандар қатысады. Атап айтатын болсам, Иран, Моңғолия, Ресей, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Қытай елдерінің балуандары. Аталған жарыстарға біздің ауданның спортшылары қатысып, ауданның, облыстың, республиканың намысын қорғап жүр, – деді Әли Алтыбай.

ӘДІС-ТӘСІЛДІ МЕҢГЕРУ – МАҢЫЗДЫ

Қандыағаш қаласындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде 1998 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан жаттықтырушы Әли Алтыбай қазақ күресінің әдіс-тәсілдерін тәптіштеп айтып берді. Айталық, күресу кезінде қолданылатын лақтыру әдісінің бірнеше түрі барын айтты. Олар: шалып лақтыру, қағып лақтыру, иіліп лақтыру, лақтыра жығу, орап лақтыру, арқадан асырып лақтыру, еңкейіп лақтыру, т.б.

Қазақ күресі тік тағандап, аяқта тұрып жүргізіледі. Аяққа өтуге тыйым салынады. Белдемшенің жеңі мен белбеуден қармауға болады. Белбеу күресі тәсілдері де рұқсат етілген. Қолды қағып жіберуге, жамбас тәсілдері арқылы аяғын іліп алуға болады. Тіземен кілемге тиюге болмайды, бұған қатысты алдын ала ескерту беріледі. Ал техникалық әрекеттер үшін берілетін ұпайдың орнына «жамбас», «жартылай жеңіс» және «таза жеңіс» сөздері қолданылады. Күресіп жүрген балуандардың бірінің жамбасы жерге тисе – «жамбас», бір қырынан құласа – «жартылай жеңіс», ал екі иығы да жерге тисе – «таза жеңіс» беріледі, – деді ол.

Оның сөзінше, бұрын балуандар белдескенде жеңілген адам өзінің жеңілгенін мойындамайынша жарыс жалғаса берген. Қазіргі таңда күресу үшін балаларға үш минут, жасөспірімдерге төрт минут, ересектерге бес минут уақыт берілетінін жеткізді.

БОЛАШАҒЫНА ҮМІТ АРТАР БАЛУАНДАР КӨП

Жаттықтырушының айтуынша, оның күреске деген қызығушылығы бала кезінен басталған. Ұлттық спортқа деген сүйіспеншілігі уақыт өте келе кәсіби жолына айналды. Көп жылғы тәжірибесінің арқасында ол жас спортшыларға дұрыс дайындық жасап, олардың шеберлігін шыңдауға ерекше көңіл бөледі. Ол шәкірттеріне ұлттық күрестің әдіс-тәсілдерін үйретіп қана қоймай, олардың бойына спортқа деген сүйіспеншілік пен ұлттық рухты сіңіріп жүр. Қазіргі таңда ол ұлы Жанкелдімен бірге отыздан астам жасөспірімге қазақ күресінің қыр-сырын үйретеді.

– Қазақ күресі – тек күш сынасатын спорт қана емес, ол – тәрбие мектебі. Бұл спорт баланы шыдамдылыққа, тәртіпке, батылдыққа тәрбиелейді. Сондықтан жас ұрпақтың ұлттық спортқа бет бұрғаны өте маңызды. Жаттығу барысында тәртіпті, еңбекқорлықты және өзөзіне деген сенімді басты назарда ұстаймыз. Алғаш келген балағабірінші қазақшакүрестіңәдістәсілдерін емес, қауіпсіздікті сақтау үшін құлаудың тәсілін үйретеміз, – деді жаттықтырушы.

Оның сөзінше, спортпен тұрақты айналысқан бала тек физикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан дамықты болып қалыптасады. Сондықтан ол әр шәкіртінің болашағына үлкен жауапкершілікпен қарайтынын және бапкердің басты мақсаты – балалардың арасынан ел намысын қорғайтын мықты спортшылар тәрбиелеу екенін жеткізді. Бүгінде Әли Алтыбай мен оның ұлы Жанкелді тәрбиелеп жатқан жас балуандардың арасында болашағынан үміт күттіретіндері аз емес.

Біздің спорт мектебінен қазақ күресінен әлемдік додаларға қатысып, жүлделі болған спортшылар жетерлік. Атап айтатын бол сам, Еламан Қойшыбай, Нұрсұлтан Иманғазин, өзімнің төл шәкіртім Мадияр Алдамжаров. Мадияр бүгінде Ақкемер ауылында балаларды қазақ күресіне тәрбиелеп жүр. Ол қазақ күресінен спорт шебері және әлемдік деңгейдегі төреші. Бәсі биік чемпионаттарда төрешілік жасайды. Ұлым Жангелді де қазақ күресінен Қазақстан чемпионатының жүлдегері. Ол «Жас барыс» республикалық турниріне қатысып, жүлделі болды. Сондай-ақ джиуджитсудан Азия чемпионы атанды, – деді ол.

Бапкер қазір тәрбиелеп жүрген шәкірттерінің жетістіктеріне де тоқталып өтті. Жасы енді 13-ке толған жасбалуанАйдосСансызбайөткен жылы қазақ күресінен түрлі дәрежедегі 11 жарысқа қатысып, оның жетеуінен жүлдемен оралған. Сондай-ақ республикалық «Бала Мұқан» турнирінде ІІ орын иегері атанған.

ӘКЕ ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН ЖАНКЕЛДІ

Әкесінің жанында жүріп, қазақ күресінің қыр-сырын толық меңгерген Жанкелді де бүгінде шәкірт тәрбиелеп жүрген жас бапкер. Ол 2022 жылдан бастап спорт мектебінде жаттықтырушы қызметін атқарып келеді. Жанкелдінің айтуынша, бапкері әрі ұстазы – өз әкесі болғандықтан, жаттығу кезінде оған қойылған талап та жоғары болған.

Қазақ күресін әкем үйретті. Маған қиындау болды. Басқа балаларға қарағанда маған қысым да, жауапкершілік те көбірек артылды. Бірақ соның нәтижесін қазір көріп жүрмін. Қазіргі таңда балалармен жұмыс істеу оңай емес. Әсіресе, ата-анамен дұрыс байланыс орнату – жұмыстың нәтижелі болуына әсер етеді. Біз әр баланың мүмкіндігіне қарай жұмыс жасаймыз. Біздің мақсат – тек чемпион шығару емес, ең алдымен жақсы адам тәрбиелеу. Ол үшін тын — бай еңбек ету керек, – деді Жанкелді.

Сондай-ақ ол соңғы жылдары қазақ күресіне мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп жатқанын да атап өтті.

Бұрын жарыстарда тек медаль мен мақтау қағазы берілетін. Қазір жүлде қоры да көбейді. Спортшыларға түрлі стипендиялар мен гранттар беріледі. Бұл жастардың спортқа деген қызығушылығын сөзсіз арттырады, – деді ол.

ТҮЙІН

Ұлттық спортты ұлықтап, жас буынға үйрету – үлкен жауапкершілік. Осы жолда еңбек етіп жүрген Әли Алтыбай мен оның ұлы Жанкелді Айтжан шәкірттеріне тек күрестің әдіс-тәсілін ғана емес, адамгершілік пен еңбекқорлықты да үйретіп келеді. Әке тәлімі мен ұл еңбегі тоғысқан бұл шаңырақтан әлі талай мықты балуандардың шығатыны анық.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Киберқауіпсіздік басты орында

admin_mugalzhar

«ОТТЫ ЖЫЛДАР ШЕЖІРЕСІ» АТТЫ ТАРИХИ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.