«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының ұйымдастыруымен Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясында  мектеп оқушылары мен ұстаздарға арналған «Отбасы құндылығы» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар спикерлері арнайы Ақтөбе қаласынан келді. Тарихшы, тарих магистрі, «Яссауи» рухани-даму орталығының жетекшісі Гүлбану Төлеубаева, Мұғалжар ауданы аналар кеңесінің төрайымы Жұмагүл Асабаева, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Ақзира Мейірбекқызы қатысты.
Шарада жан азығы мен жүрек тыныштығы туралы түрлі ойлар айтылып, рухани даму мен ұлттық құндылықты дәріптеу, салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыпты қадірлеу жөнінде кеңінен үгіт-насихат жүргізілді.

Ұқсас ақпараттар

Дауыс беру үшін eGov Mobile қосымшасын пайдалану ұсынылды

admin_mugalzhar

ЖАҒАБҰЛАҚТА БАЛАБАҚШАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНУДА

admin_mugalzhar

САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ МАҢЫЗДЫ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.