«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАС МАМАНДАР СЫНҒА ТҮСТІ

Аудандық білім бөлімінің жанынан құрылған “Ұшқын” жас ұстаздар клубының ұйымдастыруымен “Сендерсіңдер әр шәкірттің шырағданы” атты жас мамандар арасында жарыс өтті.
Аудан мектептеріндегі жас мұғалімдерден құралған топтар арасында өткен сайыс өз мектептерін таныстыру, сұрақтарға жауап беру және заманауи оқудағы әдіс-тәсілдерді көрсетіп және оны дәлелдеу шарттарынан тұрды. Сайыс нәтижесінде Бас жүлдені Қандыағаш қалалық №4 ЖББОМ-нің мұғалімдер тобы қанжыларына байласа, І орынды Ембі қалалық №7 мектеп-интернаты мен Жаңажол ЖББОМ-нің жас мамандары иеленді. Ал ІІ орынды Сағашилі ЖББОМ, №4 Ембі қалалық ЖББОМ алды. Сондай-ақ ІІ орынды Ембі қалалық №1 ЖББОМ мен Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясы бөлісті.

Ұқсас ақпараттар

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетін басқарады

admin_mugalzhar

Елімізде 2026 жылдан бастап көлік салығы азаяды

admin_mugalzhar