«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕРІКТІЛЕР ЕЛЕНГЕН КҮН

АПТА БАСЫНДА ҚАНДЫАҒАШҚАЛАЛЫҚ №2 ОРТА МЕКТЕБІНДЕ МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН 5 ЖЕЛТОҚСАН — ВОЛОНТЕРЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ «ЕРІКТІ БОЛУЕРЛІК» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ.

Шараға ауданның қоғам белсенділері Ерболат Есмұханов пен «Ізгі қала» қайырымдылық тобының мүшесі, белсенді жас Зайырбек Есенжолов арнайы шақырылды. Белсенділер ерікті жастарды, оның ішінде аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары да бар, биылғы жыл бойы қоғамдық істерде, қайырымдылық шараларында көрсеткен көмектері мен белсенділіктері үшін Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Б.Құлмағамбетовтың Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар марапат иелеріне орталық басшысының орынбасары Д.Сираж орталық атынан арнайы сыйлықты табыстады. Шара концерттік бағдарламамен жалғасып, аудан еріктілеріне тамаша көңіл-күй сыйлады.

Айдана АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады?

admin_mugalzhar

3803 науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтылады

admin_mugalzhar

Ресейлік миллиардер Қазақстандағы әуежайды сатып алмақ

admin_mugalzhar