«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

3803 науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтылады

Осы жылы Мұғалжар аудандық ауруханасында диспансерлік есепте тұрған 3803 науқасты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 149 млн 217 мыңнан астам қаржы бөлінген. Бұл туралы Мұғалжар аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айбек Сүгіров айтты.

Оның айтуынша, ауруханада артериалдық гипертония диагнозымен 2537 науқас, жүректің ишемиялық ауруы бойынша 1085 адам, созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен 181 науқас есепте тұр. Бұл тағайындалған науқастарға диагнозына қарай тегін дәрідәрмек беріледі.

Біз тегін дәрі үшін сұранысты жыл басында жібереміз. Дегенмен, кей уақыттарда жылдың ортасында немесе соңында жаңадан анықталған науқастар тізімге қосылып жатады. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ТМККК және МӘМС аясында қарастырылғандықтан дәрілік көмек пациентке медициналық көмек алған сәттен бастап көрсетілуі тиіс. Медициналық көмек алатын пациенттер дәрі-дәрмекпен жедел-жәрдем бригадасы шыққан кезде, амбулаториялық және стационар жағдайында қолжетімді. Ал, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен диспансерлік есепте тұрғандар, жекелеген аурулары бар пациенттер қамтамыз етіледі. Мысалы, темір тапшылығы бар фертильді жастағы әйелдер темір препараттарын ала алады. Атеросклероз ауруы бар және диспансерлік есепте тұрған пациенттер өз аурулары бойынша қанды сұйылтатын дәрілер мен басқа да препараттармен қамтамасыз етіледі, — деді Айбек Сүгіров.

Еске сала кетейік, есепте тұрған науқастар тегін дәрі алуға egov.kz порталы арқылы да өтінім беруге болады екен. Ол үшін порталда ЭЦҚ немесе бір реттік құпиясөз арқылы авторизациядан өту қажет. Тек жеке бас құжатын куәландыратын құжат болса болғаны.

А.АЛТЫБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Вакцинированные казахстанцы будут иметь в Ashyq зеленый статус

admin_mugalzhar

ПОДАРИЛИ ДЕТЯМ РАДОСТЬ

admin_mugalzhar

Ақтөбенің жолы жаңарады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.