«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ералы Тоғжанов Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алан Уилфред Хэмсонды қабылдады.

Ресми кездесу барысында облыс басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестицияларды тартуға және тиімділігін арттыруға ықпал ететін қолайлы ортаның қалыптасуы туралы хабардар етті. Жер қойнауын пайдалану және шикізатты терең өңдеу, энергияны таза экологиялық әдіспен алу, көлік-логистикалық хаб құру бойынша жобаларды іске асыру, Ақтөбе облысы мен Канада арасында тікелей әуе рейстерін ашуға байланысты  мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге өзара қызығушылық білдірді. Ақтөбе облысында инвестициялық қызметті жүзеге асыруға мүдделі бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен жаңа кездесу туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ақерке САТЫБАЛДЫ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

Ертеңнен бастап күн жылиды

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР: 2022 ЖЫЛЫ НЕ ІСТЕЛДІ?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.