«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жел, тұман, жаяу бұрқасын: Қазақстанның төрт өңірінде ауа райы қолайсыз болады

«Қазгидромет» РМҚ синоптиктері 13-15 желтоқсан аралығында Қазақстанның төрт өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні — 15-20 м/с.

Петропавлда 13 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын болады. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні — 15-20 м/с.

13-15 желтоқсанда Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с сақталады.

13 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Тау асуларында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда күші — 15-20 м/с.

Шымкентте 13 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістанда 13 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болады.

13 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысының орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 18 м/с.

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢА СОТ ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

АТАМЕКЕН ЕСКЕРТЕДІ: «КӨМЕКШІЛЕРДЕН» АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

admin_mugalzhar