«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҢА СОТ ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Мұғалжар аудандық сотының жаңа төрағасын тағайындау жиналысы өтті. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов, әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ербол Төлеев, бөлім басшылары мен қызметкерлері және ардагерлер қатысты.
Жаңа төраға Арыстан Жамиевті жиналғандарға аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенаманов таныстырды. Ол тағайындалған аудандық сот төрағасын құттықтап, алдағы қызметіне жеміс пен сәттілік тіледі.
Бұдан соң сөз кезегін алған аудандық соттың жаңа төрағасы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолындағы күрделі де жауапты қызметті адал атқаруға ант етіп, өзіне сенім артқан облыстық соттың төрағасы мен аудан жұртшылығының көңілінен шығуға тырысатынын жеткізді.
Сонымен қатар ауданның «Құрметті азаматы», «Шапағат» жекеменшік ауруханасының бас дәрігері Аманжол Адаев та бұған дейін аудандық соттың төрағасы қызметін атқарып келген төрағаларға ризашылығын білдіріп, қызметіне кіріскен Арыстан Шагбанұлын аудан жұртшылығы атынан құттықтады.

Ұқсас ақпараттар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бердімұхамедов Ашхабадта Абай ескерткішін ашты

admin_mugalzhar

ЕМБІЛІКТЕР ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ЖАҢҒЫРТУДА

admin_mugalzhar

Дәрігерлер 5 жастағы баланың бүйрегінен шаш түйрегіш алып шыққан

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.