«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚҰМЖАРҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

11 желтоқсан күні өткен Құмжарған ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы бойынша Қанағат Ғабдулғазыұлы Қалиев Құмжарған ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Қанағат Ғабдулғазыұлы 1990 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 2009-2010 жылдары Халыққа қызмет көрсету орталығы Қандыағаш филиалында инспектор болып бастаған. 2011-2014 жылдары Құмжарған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2014 жылдан осы күнге дейін Құмжарған ауылдық округі әкімі аппаратының бөлімше басшысы қызметін атқарып келді.

Ұқсас ақпараттар

«ҚЫЗМЕТТІК ҚАРУ» ІС ШАРАСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Ауылымның әр таңы алаңсыз еді…

admin_mugalzhar

АЭС қолдаушылардың қатары тұрақты өсуде – үш сауалнаманың нәтижесі

admin_mugalzhar