«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Швейцария тауларында қазақи стильде Louis Vuitton бутигі ашылды

Швейцария тауларындағы Санкт-Мориц курортында pop-up store Louis Vuitton дүкені ашылды деп хабаралады turkystan.kz Tengri Lifestyle сайтына сілтеме жасап.

Қызығушылыққа негіз болған дүкеннің экстерьері – ол көшпенділердің баспанасы болған қазақ киіз үйінің стилінде салынған. Бутиктің уақттары бренд символдарымен әрленген, керегесі де солай безендірілген сонымен қатар ішінен айна орнатылған. Киіз әппақ түсте қоңыр сызықтармен үйлескен.

Француз сән үйінің ресми сайтында Louis Vuitton St Moritz & Yurt Pop-Up 16 желтоқсаннан келер жылдың 10 сәуірге дейін жұмыс істейтіні айтылады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар Gucci брендінің жарнамасында қазақтың домбырасы мен ұлттық әшекейлерін қолданылғанын байқаған еді.

Ұқсас ақпараттар

Ұлттық құрылтай – ортақ мақсат пен келелі істердің бастауы

admin_mugalzhar

ҚАЛАҒА КӨРІК БЕРЕР ЖАСЫЛ БАСТАМА

admin_mugalzhar

Қазақстанда төрт айда 2 мыңға жуық егіз және 54 үшем дүниеге келді

admin_mugalzhar