«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Алдағы үш жылда 20 жаңа мектеп салынады

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 20 жаңа мектептің құрылысы жүргізіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2023-2025 жылдар аралығында 17 500 орынға арналған білім ордалары Ақтөбе қаласымен қатар, Мұғалжар, Мәртөк, Темір және Шалқар аудандарында салынады.

Бұл туралы кеше облыс әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу, жою жөніндегі және терроризмге қарсы комиссиялардың бірлескен отырысы барысында білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жеңісбек Ақбергенов баяндады.

Ұлттық жобаны іске асыру облыс мектептеріндегі орын тапшылығы мәселелерін шешуге және білім алуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Бүгіндежоғарыда аталған мектеп құрылыстарын жүргізу үшін жер телімдері анықталған. Өңірде 2024 жылы 11 400 оқушыға арналған 14 мектеп, 2025 жылы 6 100 орынға арналған 6 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жиын барысында баяндамашы үш ауысымды, апатты жағдайдағы мектептердің мәселесі қалай шешіліп жатқанын баяндады. Облыста 6 үш ауысымды және 6 апатты жағдайда тұрған мектеп бар. Бұл мәселені шешу мақсатында биыл 3920 орынға арналған 14 мектептің құрылысын жүргізу үшін бюджет есебінен қаражат бөлінген.

Облыс мектептерібейнебақылау камераларымен толық жабдықталған. Дегенмен барлығы полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылмапты. Жиында Ералы Тоғжанов басқарма және аудан басшыларына аталған олқылықты тез арада шешуді тапсырды.

— Шалғай ауылдардағы жағдайды түсінемін. Бірақ Ақтөбе қаласы мен аудан орталықтарындағы мектептерде бұлмәселе болмауы керек. Барлық бейнекамералар жедел басқару орталығының желісіне қосылуға тиіс, — деді облыс әкімі.

Комиссия отырысында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев тұрғын үйлерді жаңғырту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Облыс бойынша 2 526 көппәтерлі тұрғын үй бар. 2021 жылы 28 көппәтерлі тұрғын үйде жаңғырту жұмыстарын жүргізуге 1,0 млрд теңге, биыл аталған жұмыстарға республикалық бюджеттен 1,4 млрдтеңге бөлінген. Ал Ақтөбе қаласы бойынша тұрғын үйлердегі 93 лифтті ауыстыру үшін 749,2 млн теңге қарастырылған.

— Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы бойынша 330 көппәтерлі тұрғын үйде 655 лифт бар. Оның 259-ы пайдаланудың нормативтік мерзімінен асып кеткен. Бұл өз кезегінде тұрғындардың наразылығын тудырады, сондықтан олардың келісімін алып, тез арада жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырамын, — деді өңір басшысы жауаптыларға.

Сондай-ақ жиын барысында  2022 жылы оңалту және діни экстремизмнің алдын алу және терроризмге қарсы комиссиялардың қызметін жетілдіру шаралары бойынша мәселелер талқыланды.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

МОБИЛДІ АУДАРЫМДАР ТУРАЛЫ ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

admin_mugalzhar

«АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде магистральды газ бұру құбырының 3-ші желісі салынады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.