«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары болып Рустам Әлімұлы Ахметов тағайындалды. Рустам Әлімұлы 1990 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 2013 жылы Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының жетекші маманы болып бастаған.
Әр жылдары Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Мұғалжар ауданы әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарды.

2018-2020 жылдары Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, 2020-2021 жылдары Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары болып еңбек етті. Осы қызметке тағайындалғанға дейін 2021 жылдан бастап «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды.

Рустам Ахметов ішкі саясат, білім, денсаулық сақтау, спорт және мәдени даму, қоғамдық ахуал, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту салаларына жетекшілік ететін болады.

Ұқсас ақпараттар

Қарағандыда суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды

admin_mugalzhar

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қалай өзгерді

admin_mugalzhar

Боран, қар мен жаңбыр күтілуде: Қазгидромет демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.