«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мұғалжар аудандық қаржы бөлімінің басшысы болып Айнагүл Назарбайқызы Қостайбекова тағайындалды. Айнагүл Назарбайқызы 1977 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1996 жылы Қандыағаш станциясы желілік полиция бөлімінің есепшісі болып бастаған. 2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді. Әр жылдары Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2020-2021 жылдары Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары болып еңбек етті. Осы қызметке тағайындалғанға дейін 2021 жылдан бастап Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

Ұқсас ақпараттар

Қырғызстан Наурыз мерекесіне жоспарланған шаралардан бас тартты

admin_mugalzhar

Шетелдіктер Қазақстанға коронавирусты анықтайтын тестпен ғана кіре алады

admin_mugalzhar

Президент: АЭС-тің аяқталғанын күтпей жаңа энергия көздерін іске қосу керек

admin_mugalzhar