«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

12 өңірдің оқушылары сабақты қашықтан оқитын болды

10 қаңтар күні Қазақстанның бірнеше өңірінде мектеп оқушылары ауа райына байланысты онлайн оқуға көшіріледі деп хабарлады turkystan.kz.

Астана қаласында бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары, колледждердің 1 және 2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Ақтөбе облысында 10-11 қаңтарда 0-11 сынып оқушылары онлайн оқиды.

Абай облысының Семей қаласында бейсенбі күні бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің барлық курс студенттері үшін сабақ қашықтан өткізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында 0-11 сыныптар, Күршім ауданында 0-9 сыныптар, Ақмола облысының Көкшетау қаласында және Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Ұлытау облысында бірінші ауысымдағы 0-4 сыныптар, сондай-ақ Қарағанды қаласында 0-9 сынып оқушылары үйден білім алады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстарында да 0-11 сынып оқушылары сабаққа бармайды.

Ұқсас ақпараттар

Құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдер және көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестік: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың Ақ үйдегі кездесуінің нәтижелері

admin_mugalzhar

КӨПІРЛЕР УАҚЫТША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

АУДАНҒА «СЫР ДИДАРЫ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКТОРЫ КЕЛДІ

admin_mugalzhar