«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«120 балл жинағандарға арнайы грант»: Қазақстанда білім гранттарын бөлудің жаңа механизмі ұсынылды

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда білім гранттарын бөлудің жаңа механизмімен таныстырды. Онда түлектердің ҰБТ-дан жинаған баллдарына орай оқу ақсысына жеңілдіктер пайыздық көрсеткіште бекітіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрліктің ұсынысы бойынша гранттарды бөлі үш санаттан тұрады.

  1. Біріншісі «Қамқор» деп аталады. Мұнда ҰБТ-да 50-ден 74 баллға дейін жинағандар өтініш бере алады. Оның мөлшерінде білім беру құны 30-дан 50%-ға дейінгі жеңілдікте болмақ.
  2. Келесі “Негізгі» пакет. Мұнда 74- 120 баллға дейінгілер өтініш тастай алады. Мұнда жалпы ұлттық оқу ақысының 100% жабылады.
  3. Ал тестілеуден 120 балл жинаған түлектерге жоғары «Дарын» гранты берілмек. Дегенмен, бұл грантты ұтуға тек қана ҰБТ ұпайлары емес, сонымен қатар республикалық, халықаралық олимпиадалар мен жарыстардағы жетістіктері ескерілетін болады.

“Ең дарынды студенттерге жоғарылатылған грантпен білім алуға мүмкіндік беріледі. Университеттер осы дарынды студенттер үшін бәсекелесуі керек. Себебі олар грант құнынан 120-150% деңгейінде көбірек ақша әкеледі. Бұл тәсіл қазір маңызды
пысықталуда. Биыл жүзеге асырылмақ”,- деді Саясат Нұрбек.

Ұқсас ақпараттар

Синоптиктер: Қазақстанда мамыр айында бірнеше облыста құрғақшылық болады

admin_mugalzhar

Қазақстанда ұшақ билеті қымбаттаған

admin_mugalzhar

ЖАҒАБҰЛАҚТА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.