«Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы аясында жас мамандар үшін мемлекет тарапынан көп мүмкіндік, үлкен қолдау, көмек беріліп келеді. 2022 жылы аудан бойынша 6 маман бюджеттік несие алып тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде білім саласы бойынша 5 жас маман, 1 маман ветеринария саласы бойынша алды. Мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болған жас мамандар мамандықтары бойынша Ақкемер, Жұрын, Қайыңды, Талдысай ауылдық округтерінде еңбек етуде.
2022 жылдың қорытындысы бойынша «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы аясында 25 жас маманға көтерме жәрдемақы төленді. 2009 жылдан бастау алған бағдарлама аясында бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 119 маман бюджеттік несие алып тұрғын үймен қамтылса, 395 маманға көтерме жәрдемақы берілді.
«Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдарламасының тиімділігі өте жоғары болып отыр. Себебі, бұл бағдарлама арқылы жұмысқа орналасқан әрбір жас жұмыспен қамтылып қана қоймай, бір реттік жәрдемақы мен тұрғын үй алу үшін қаржыға да ие болады.
2023 жылы аудан бойынша 5 жас маманды тұрғын үймен қамту, 20 маманға көтерме жәрдемақы төлеу жоспарлануда.