«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елена Рыбакина Australian Open чемпионатының финалына шықты

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемдік рейтингте 25-орында тұрған Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Australian Open жарысының финалына шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы әлемнің 24-ші нөмірі беларусиялық Виктория Азаренконы 7:6 (7:4), 6:3 есебімен ұтты.Кездесу 1 сағат 43 минутқа созылды. Кездесу барысында Рыбакина тоғыз эйс жасап, үш қосарлы қателік жіберсе, Азаренко үш пасты алты қосарлы қателікпен орындады.

Финалда Рыбакина тағы бір жартылай финалдық жұп Магда Линетт (Польша) пен Арина Соболенко (Беларусь) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Ұқсас ақпараттар

Мамырдағы мерекелер: облыста 209 шара өтеді

admin_mugalzhar

Ақтөбеде студенттерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР ЖАСТАРЫ ГРАНТ ҰТЫП АЛДЫ

admin_mugalzhar