«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда кімдер өзін банкрот деп жариялай алады

Қарызы бар азаматтар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа арыз бере алады. Бұл туралы ОҚК-де өткен брифингте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Банкроттық туралы заң рәсімдердің үш түрін қарастырады. Ол соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Бірінші рәсім: Соттан тыс банкроттық, бұл рәсімді азаматтар тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы борыштар бойынша келесі шарттарға сәйкес қолдана алады:

  • банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы борыш 1 600 АЕК-тен аспайды (2023 жылы 5 520 мың теңге);
  •  қарыз 12 ай ішінде өтелмейді;
  • мүлік жоқ;
  • қарыздар бойынша банкпен есеп айырысу рәсімін жүргізу қажет.

Сонымен қатар, заңда ерекше жағдайлар қарастырылған:

  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін (12 ай ішінде төлемнің болмауы туралы критерий қолданылмайды)
  • берешегі 5 жылдан артық өтелмейтін азаматтар үшін (олар бойынша мүліктің бар-жоғын тексеру және берешек сомасы бойынша шектеулер белгіленбейді).

Екінші рәсім: Сот банкроттығы, азаматтар қарызы 1600 АЕК – тен астам (2023 жылы — 5 млн 520 мың теңге) және кредиторлар алдындағы борыштардың барлық түрлері бойынша қолдана алады. Сот банкроттығы кезінде борышкердің мүлкі сауда-саттықта сатылады. Бірақ мұнда да өзінің ерекшеліктері бар. Кредитор борышкердің жалғыз тұрғын үйін сот банкроттығы барысында ол кепіл нысанасы болған жағдайда ғана алып қоюға құқылы.
Сот банкроттығы рәсімін қаржы басқарушылары жүзеге асырады, олардың құрамына:

  • Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер;
  • Кәсіби бухгалтерлер;
  • Заң кеңесшілері;
  • Аудиторлар, кіреді.

Олардың қызметтері ақылы, борышкердің мүлкі есебінен — айына бір ең төменгі жалақы (2023 жылы бұл 70 мың теңге).
Мүлкі жоқ әлеуметтік осал адамдар үшін қаржы басқарушыларының қызметтерін мемлекет төлейді.

Үшінші рәсім: Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, яғни тұрақты табыс болған жағдайда сотта қарыздарды бөліп-бөліп төлеу мүмкіндігін (5 жылға дейін) көздейтін рәсім. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі.

Бұл ретте барлық міндеттемелерінің мөлшері (оның ішінде орындау мерзімі басталмаған) өзіне тиесілі мүліктің құнынан аспайтын борышкер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы арызбен ғана сотқа жүгінуге құқылы.

Бұл рәсімнің артықшылығы ол — одан кейін адам «банкрот» мәртебесін алмайды, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды.

Ұқсас ақпараттар

Алғыс айту күні Ералы Тоғжанов өрт сөндірушілерге ерен еңбектері үшін алғысын білдірді

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ӘРТІСТЕР «АКТЕРЛІК АНСАМБЛЬДІК ҚҰРАМ» АТАҒЫН ЖЕҢІП АЛДЫ

admin_mugalzhar

Жұбановқа арналған ақындар айтысы

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.