«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕКТЕПТЕРДЕ САБАҚ 2 ҚЫРКҮЙЕКТЕ БАСТАЛАДЫ

30 тамыз — Конституция күніне орай жаңа оқу жылы 2 қыргүйекте басталады

Биыл, 2025 жылдың бірінші қыргүйегі дүйсенбіге тұспа-тұс келіп тұр. Алайда Конституция күніне байланысты қазақстандықтар 30, 31 тамыз бен 1 қыргүйекте қатарынан үш күн демалады.

Министрдің мәліметінше, 1 қыргүйек күні бірінші сынып оқушылары үшін ғана алғашқы қоңырау соғылады.

«Кейде бірінші қыргүйек демалыс күндеріне түсетіні белгілі. Сондай жағдайларда еліміздің педагогикалық кеңесі жиналып, шешім қабылдайды. Педагогикалық кеңесте сабақ ресми түрде 2 қыргүйектен басталады деген шешім қабылданып отыр. Бірақ, бірінші сыныпқа қатысты символдық сәт болғандықтан, бірінші сынып оқушылары үшін 1 қыргүйекте алғашқы қоңырау соғуға рұқсат бердік», – деді Ғани Бейсембаев.

Ұқсас ақпараттар

Қырғызстан Наурыз мерекесіне жоспарланған шаралардан бас тартты

admin_mugalzhar

ӘСКЕРГЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.