«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе көш бастады

Ақтөбе облысы шағын және орта бизнестің даму көрсеткіші бойынша республика бойынша биыл екінші рет алға шығып отыр.
Өңірде 4500-ден астам бизнес жоба мемлекеттен қолдау тауып, ұлттық жоба аясында шағын және орта бизнесті жандандыруға 11,8 миллиард теңге бөлінген.
Ұлттық жоба аясында кәсіпкерлікті дамытуға арналған 4 бағыт бар. Қаржылай қолдаудың мүмкіндіктері — несиелерді субсидиялау, несиелерді кепілдендіру, қайтарымсыз гранттар беру және қажетті жағдайда инфрақұрылым жүргізу.
Несиені субсидиялау бойынша 293 жобаны қолдауға 66,7 миллиард теңге бөлінген. Ал 2081 жобаға кепілдендіру бойынша 19,1 миллиард теңге қаралған. 38 жобаға қажетті инфорқұрылым жүргізуге 1349,1 миллион теңге берілген. Сонымен қатар 37 кәсіпкерге 140 миллион теңге қайтарымсыз грант ұсынылды.
— Мұндай нәтижеге облыстағы кәсіпкерлердің белсенділігі арқасында қол жеткіздік. Аудандарды 3 жыл бойы үздіксіз аралап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Арнайы топ құрылып, бағдарламалар мен жобалар таныстырылды. Кәсіпкерлік курстарын оқыту тоқтамады. Соның арқасында біз еліміз бойынша шағын және орта бизнесті дамытуда жоғары көрсеткішке ие болып отырмыз. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 1400 жоба мақұлданса, биыл 4549 жоба үкіметтен қолдау тауып отыр. Биыл жобалар көбеймесе, азаймайды. Жоспарланған қаражат көлемі бөлінді. Қосымша республикалық бюджеттен де қаржы қарастырылады, — деді облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тлеумұратов.
Оның айтуынша, қазір қаржыландыру көзі өзгеріп жатыр. Биылдан бастап еліміздің барлық өңіріне 180 миллиард теңге бөлінген. Ал бұл қаражаттың облыстарға бөлінуі — кәсіпкерлердің белсенділігіне байланысты ұлғаяды.
Бүгінде облыста 90,6 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Облыстың жалпы ішкі өніміндегі осы сектордың үлесі — шамамен 24,2 пайыз. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндіруі 8 пайызға артқан.

Самат ЕСЕНҚҰЛ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ

admin_mugalzhar

«ҚАЗАҚСТАН ДАУЫСЫ»: МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МИРЖАН КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ӨТТІ

admin_mugalzhar

Шылпық – Шығыстың ертегісі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.