«СӘБИЛЕРІ СҮЙКІМДІ ТОП»
Құрметті оқырман!
Сіз бөбекжай-бақшада сүйкімді, қылықты, өнерлі балапандар тәрбиелеп жүрген білікті тәрбиешісіз бе? Ендеше, сіздің жемісті жұмысыңызды көрсететін кез келді.
Ол үшін біз жариялаған «СӘБИЛЕРІ СҮЙКІМДІ ТОП» атты байқауға қатысып, ғажайып сыйлықтарға ие болыңыз!
Байқаудың шарты:
*Байқау Мұғалжар ауданы аумағындағы барлық бөбекжай-бақша топтары арасында өткізіледі;
*Топ тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері өз тобының бір күнін (сабақ өту, тамақтану, ойнау сәттерін және т.б.) бейнетаспаға түсіріп, газет редакциясына жолдайды.
Бейнетаспа газеттің инста парақшасында жарияланады;
*Бейнетаспа 1-1,5 минуттан аспауы керек!
Байқау уақыты:
*1 ақпаннан басталады.
Жеңімпаздарды анықтау екі кезеңнен тұрады.
*Бірінші кезең: Инста парақшада ең көп лүпіл жинаған 3 топ автоматты түрде екінші кезеңге өтеді;
*Екінші кезең: Қазылар алқасы (редакция мүшелері, білім және мәдениет салаларының мамандары) өз дауыстарын беру арқылы алға шыққан қатысушылар арасынан жеңімпаздарды тәрбиешілердің кәсібилігіне, ұйымдастырушылық қабілетіне, топтағы балалардың белсенділігіне, тапқырлығына, ұйымшылдығына қарап, таңдап алады.
Байқауды қорытындылау:
Жеңімпаз атанған топ туралы газет бетіне мақала жарияланып, диплом және арнайы сыйлық табысталады.
Ескерту:
*Редакция алқасы жеңімпазды таңдау барысында байқауға қатысушы топ тәрбиеленушілердің қатысу белсенділігімен бірге бейнетаспа сапасын да ескеретін болады;
*Жалған аккаунт (накрутка) арқылы лүпіл жинаған қатысушы байқаудан ескертусіз шығарылады!