Мұғалжар ауданында жүрген шетелдік көліктерді заңдастыру жұмыстарының бірінші кезеңі аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізілуде. Осы уақытқа дейін 87 мұғалжарлық орталыққа электронды түрде өтінім қалдырған.
Бірінші кезең бойынша орталық мамандары шетелдік көлікті заңдастыруға болатынын немесе болмайтыны туралы мақұлдама алып беруге көмектеседі. Ол үшін шетелдік көлікті тізгіндеген жүргі-зушінің жеке басын куәландыратын құжаты, кө-ліктің паспорты немесе тіркеу туралы куәлігі, кө-лікке меншік құқығын растайтын құжаты болуы керек.
— Айта кететін бір жайт, біздің орталық мамандары тіркеу жүргіз-бейді, мемлекеттік нөмір бермейді. Тек қана берілген өтінімдер бойынша тексеріс жұмыстарын жүр-гізеді. Өтінім мақұлданған жағдайда Ақтөбе қаласында орналасқан орталыққа жолдаймыз. Ол жерде кө-ліктің криминалдық есепте болмауы қаралып, мемлекеттік тіркеуге алынып, нөмір беріледі. Төленетін қаржы көлемі сол жақта жүргізіледі. Осы уақытқа дейін біздің орталыққа 87 тұрғыннан электронды өтінім түскен. Тексеру барысында оның 56-на мақұлдама берілмеді. Себебі, бұл көліктердің шетелде есепте тұрғаны жөнінде, кедендік тазартудан өт-пегені туралы ақпараттар тіркелген. Ал мақұлдама алған 22 азамат Ақтөбе қаласындағы АвтоЦонға жолданды, өзгесінің құжаттары тексерілуде, — деді Халыққа қызмет көрсету бойынша Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының бөлім басшысының мінде-тін атқарушы Ақылбек Се-ріков.
Н.КЕСІКҚҰЛ