Әйелдер қауымының асыға күтетін 8 наурыз мерекесі де жақындап қалды. Наурыз айы басталысымен ер азаматтар жақын адамын қуантуға асығып, қандай сыйлық беруге болатыны жайлы ойланады.
Сыйлық таңдауда қателеспес үшін әйел мәртебесіне, оның өмір салты мен хоббиіне, кәсібіне және араларыңыздағы қарым-қатынас деңгейіне аса назар аударған жөн.
Сондықтан сіздерге осы материалда сыйлықтар топтамасын ұсынамыз.
Аналарға
Әрине, көп нәрсе анаңыздың жасына, өмір салты мен қалауына байланысты. Аналардың біріне баласының көңіл бөлгені жеткілікті болса, енді бірі есте қаларлық сыйлық болғанын қалайды. Сондықтан осы жинақта анаңызға сәйкес келетінін сыйлықты таба аласыз: сүйікті иіссуы; СПА салонына арналған сертификат; косметика өнімдері; зергерлік бұйымдар; шоу немесе концертке, мұражайға билет.
Қыздарға
Гүл шоқтары әдемі сыйлық екені мәлім, алайда гүл ғана сыйға тартсаңыз аздап ыңғайсыз болады. Өйткені қыздар ерекше сыйлық күтетінін де ұмытпаған жөн. Мысалы, қыздарға сәнді әрі трендтегі заттар ұнайды. Жас ерекшелігіне сәйкес қалауын алып берген дұрыс: косметика немесе парфюмерия дүкеніне сертификат; әшекей; сымсыз құлаққап; смарт сағат; шопинг; фотосессия; шоколадтағы құлпынай.
Жұбайыңызға
Адамдар бірге неғұрлым ұзақ өмір сүрген сайын, соғұрлым жақсы тани түсесіз. Сондықтан жұбайыңыздың қалауына құлақ түріп жүрген жөн. Келіншектердің бірі ойын ашық айтып, қалаған затын сұрауы мүмкін. Енді бірі ер азаматынан тосынсый күтеді. Бұл жағдайда сіз сүйіктіңізге мына заттарды алып берсеңіз болады: смартфон; смарт сағат; фитнес білезік; СПА сертификаты; алтын бұйымдары, мастер-класстарға жолдама. Тіпті, қандай сыйлық таңдау керек екенін білмесеңіз, романтикалық кешкі асқа шақырыңыз.
Әпкеңізге, қарындасыңызға
Бұл топтамадағы сыйлықтар кез келген жас пен талғамға ұнайды деп сенеміз: кітап; тәттілер қорабы; алтын немесе күміс алқа, сертификат.
Әжеңізге
Ал әжеңізге жібек орамал; әдемі көйлек, қамзол; тәттілердің жиынтығы ұнайтыны сөзсіз.