«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандықтар әскерден босату туралы ақпаратты енді ЅМЅ арқылы алады

Азаматтар әскери қызметті өткеру туралы өз мәртебесін бір жүйеден біле алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

«Бірнеше ай бұрын елордалық әскери комиссариаттардың біріне барып, Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен бірге осы саланы цифрландыру жоспарларын талқылаған болатынбыз. Сонда көтерілген мәселелердің бірі – әскерге шақырылатын жастарды әскери қызметке шақырудан босату немесе кейінге қалдыру мақсатында талап етілетін анықтамалардан арылту болатын. Ол үшін бірнеше жүйені біріктіру қажет еді.

Араға уақыт салып, бірлескен жұмыстың арқасында нәтижеге қол жеткіздік. Мәселен, осы жылдың 1 наурызынан бастап азаматтар толып жатқан анықтамалар мен құжаттарды ұсынбай, әскери қызметті өткеру туралы өз мәртебесін бір жүйеден біле алады», – деді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, қазақстандықтарды әскерге шақырудан босату және кейінге қалдыру туралы ақпарат беретін проактивті мемлекеттік қызметті іске қосты.

«Әскерге баруға міндетті ер адамдарға, яғни 18-27 жастағы азаматтарға әскерден босату немесе кейінге қалдыру бойынша тиісті ақпарат телефондарына хабарлама ретінде жолданатын болады. Мобильді азаматтар базасында тіркелген қазақстандықтар ғана хабарлама алатынын атап өтемін», – деді ол.

Қазіргі күні 300 мыңнан астам әскерге шақырылушы 1414-тен ЅМЅ хабарламалар алып үлгерді.

«Бұл жоба – азаматтардың өмірлік жағдайларын негізге ала отырып, оларға белсенді қызмет көрсету арқылы «көрінбейтін мемлекет» жүйесін енгізудің тағы бір қадамы.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен Қорғаныс министрлігіндегі әріптестеріме үйлесімді жұмыстары үшін алғыс айтқым келеді! Бұл қызмет «Smart Data Ukimet» жүйесі негізінде Қорғаныс министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдардың жүйелерін интеграциялау арқылы мүмкін болды», – деді министр.

Ұқсас ақпараттар

МАЛ БАҚҚАНҒА ЖОҚТЫҚ ЖОҚ

admin_mugalzhar

Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай арнайы безендірілген пойыз жолға шықты

admin_mugalzhar

ОЛИМПИАДА: МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ ІІ ОРЫН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.