«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ШУАҚ» АУЫЛЫ БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Наурыз мерекесінде орталық алаңнан жалпы саны 11 киіз үй бой көтерді. Әр киіз үйге ғұламалардың аттары беріліп, тақырыпқа сай безендірілді. Аппақ қаздай бой көтерген киіз үйлердің сәні мен салтанатын көрсетіп, ерекше етіп тіккендер марапатталды. Ұлттық құндылықтарды насихаттап, тұсау кесер рәсімін өткізген аудандық іскер әйелдер қауымдастығы мен Ерікті мүгедектер қауымының тіккен алты қанатты ақ үйі «Шуақ» ауылы Бас жүлдемен марапатталды. Ал І орынды аудандық білім бөліміне қарасты Қандыағаш қасындағы мектептер тіккен Шәкәрім Құдайбердіұлы ауылы, ІІ орынды «Кентавр» ЖШС-і тіккен Сұлтанмахмұт Торайғыров ауылы, ІІІ орынды Қандыағаш станциясы тіккен Мағжан Жұмабаев ауылы иеленді. Мерекеге келгендер киіз үйлерге кіріп, дастарханнан ауыз тиіп, наурыз көжеден дәм татты.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда автобустар жаңа Конституция жобасы туралы ақпарат тарату алаңына айналды

admin_mugalzhar

КОЛЛЕДЖГЕ — 13 ЖЫЛ

admin_mugalzhar

Қазақстанның жас математиктері халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды

admin_mugalzhar