«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Ақ жол» партиясынан Мәжіліс мандатын кімдер иеленгені белгілі болды

27 наурызда «Ақ жол» демократиялық партиясының Ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Онда ҚР Парламенті Мәжілісінің сегізінші шақырылымындағы депутаттарды сайлау қорытындылары талқыланып, депутаттық мандаттар бөлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Ақ жол» партиясы пленумының бірауыздан шығарған шешіміне сәйкес, Мәжілістің депутаттық мандаттары келесі кандидаттарға сеніп тапсырылды:

Барлыбаев Ерлан Хайланұлы — экономист, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;

Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы – жас бизнесмен, «BIGLIFE» ЖШС тәуелсіз директоры, Жетісу облысы;

Еспаева Дания Мәдиқызы — финансист, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;

Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – ақын, партия төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;

Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – партия төрағасы;

Садықов Асқар Аманбайұлы – бизнесмен, партияның облыстық филиал төрағасы, Ақтөбе облысы.

Ұқсас ақпараттар

ЕМБІДЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР АРТЫП КЕЛЕДІ

admin_mugalzhar

Қазақстан халқының саны 19 миллионнан асты

admin_mugalzhar

Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданында болды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.