«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БҮЛДІРШІНГЕ – НҰР МЕН ШУАҚ

Наурыз мерекесі қарсаңында «Мұғалжар» газеті редакциясының ұйымдастырған «Сәбилері сүйкімді топ» байқауының жүлдегері «Нұршуақ» бөбекжайбақшасы бүгінгі таңда 70-тен астам сәби тәрбиеленеді. Ал бөбекжай қызметкерлері бүлдіршіндерді еңбекке, өнер-білімге, елінің ар-намысын қорғауға, адамгершілік қасиеттерге баулуда.

Аудан орталығы Қандыағаш қаласында орналасқан «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасы 2018 жылдың наурыз айында салтанатты түрде ашылды. Құрылтайшысы — жеке кәсіпкер Гүлнафис Есжанова. Бүгінде бөбекжай-бақшаның меңгерушілік қызметін бірнеше жыл білім беру саласында қызмет еткен Светлана Масабаеваатқарады. Ол аталған балабақшада қазіргі таңда жалпы саны 16 адамның қызмет ететінін айтады.

Балабақша — отбасынан кейінгі тәрбиенің үлкен бастауы. Біздің мақсатымыз — балаға толыққанды дұрыс тәр-ие беру. Осы мақсаттың үдесінен шығу үшін балабақша тәрбиешілері мектеп жасына дейінгі баланың жалпы адамгершілік құндылықтарын танытуға, кез келген нәрсені үйретіп, меңгертуге, баланыңжекетұлғасын, ішкі жан дүниесін қалыптастыруға, тілін жетілдіріп, өзін-өзі тану арқылы қоршаған ортаға деген көзқарасын дамытуға бар күш-жігерлерін салуда. Қазіргі таңда балабақшада 16 қызметкер жұ-мыс жасайды. Оның 6-уы тәрбиеші,1-уі логопед маман, әдіскер, және меңгеруші, — деді Светлана Гаунқызы.

Бөбекжай-бақша меңгерушісінің айтуынша, балабақшада 5 мезгіл тамақ беріледі. Сонымен қатар балаларды таңертең және кешке үйлеріне тасымалдау қызметін де көрсетеді.

Балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесі біз үшін өте маңызды. Сол себепті де тасымал кезінде әр топтан бір тәрбиеші мен тәрбиеші көмекшілері кезекшілікке шығып, балаларды көлікке мінгізу, отырғызу, түсіру секілді жұмыстарды тиянақты атқарады. Сонымен бірге балалардың балабақшадағы тазалығын, тамақтарын толық ішуін, уақытында ұйықтап, уақытында тұруын, сабақтарға қатысуын қадағалайды. Серуен кезінде балалардың құлап қалмауын, түрлі қауіпті жайларға тап болмауын да бақылауда ұстайды. Біздің әр қызметкеріміз өз жұмысының шебері, барлығы өз жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Әрбір қызметкер өздерінің міндеті күнделікті тәрбиеленуші бүлдіршіндерге бақыт сыйлау екенін естен шығармайды, — деді балабақша меңгерушісі.

«Үйренер нәрсең — білім мен мейірімділік» — деп ЖүсіпБаласағұн айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін ізденіспен өткізеді екен. Балабақша «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша оқутәрбие жұмыстарын қазақ тілінде жүргізеді.

Тәрбиешілер баланың жас ерекшеліктеріне тән қабылдау және ойлау процестерін, оның жеке басының даму заңдылықтары жөнінде білуі қажет. Балабақшадағы сабақта балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі. Айталық, сәбилер тобындағы балалардың көпшілігінің сөздік қоры аз, әлі өз беттерімен сөйлеуге үйренбеген. Сондықтан олармен ойындар көбірек өткізіледі. Ойынның әр түрі тәрбиемақсатына қарай, алмастырылып отырылады. Бұдан басқа аулаға, серуенге шыққан кезде де, түрлі бақылау уақыттарында да ойынға ерекше көңіл бөлінеді. Ойын арқылы сәбилер өмір тіршілігіне қажетті жайттармен танысады. Көргенін айтып беру арқылы сөйлеуге жаттығады, — деді Светлана Масабаева.

Бөбекжай-бақшаның жақсы жетістіктерге жетуі әрбір тәрбиешінің еңбегінің нәтижесі, жаңалығымен біліктілігі және білімдерінің арқасы екені белгілі. Осы орайда аталған балабақшаның тәрбиешілерінің де, тәрбиеленушілерінің де көптеген жетістіктері жетерлік. 2020 жылы тәрбиеші К.Тортаева Мұғалжар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Жыл тәрбиеші-2019» байқауында білімі мен біліктілігін көрсетіп, жүлделі І орынды иеленсе, облыстық олимпиадада ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған. «Үркер» зияткерлік марафонына қатысқан тәрбиешілер Камила Тортаева, Перизат Жақсылық, Ағзат Жақсылықова жеңіске жетіп, дипломдармен марапатталған. Ұйымдастырушылық жұмыстарды шебер атқарып, өз жұмысын нәтижелі етіп көрсеткен балабақша меңгерушісі Светлана Масабаева Мұ-ғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжолдың Алғыс хатын алған.

Бүлдіршіндер аудандық, облыстық, республикалық түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Атап айтатын болсақ, 2022 жылы Мұғалжар аудандық оқушылар шығармашылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Би калейдоскоп — 2022» атты балабақшалар арасында өткен сайыста «Жұлдыз» тобының арулары жүлделі ІІ-орынға ие бол-ған. Кішкентай аруларға тәрбиеші Жазира Сантөре жетекшілік еткен.

Өткен жылы біздің балабақша үшін жемісті жыл болды деп айтуға толық негіз бар. Себебі, республикалық «Бақытты елдің ұрпағы» қорының ұйымдастыруымен өткен «Дала сазы» байқауында «Би» номинациясы бойынша «Жұлдыз» тобы жүлделі І орынды, «Қызғалдақ» тобының бүлдіршіндері жүлделі ІІ орынды қанжығаларына байлады. Ал «Нұршуақ бөбекжайы» ұжымы «Бақытты елдің ұрпағы» қорының Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен бірге «Отбасы — бақыт мекені» байқауында Мұхаммеджан Еркебұланұлы І орынды, Айзада Мұханбетлатип ІІ орынды иеленді. Ал «Шымырлық пен шеберлік» байқауында «Жұлдыз» тобының тәрбиеленушілері ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Мұғалжар аудандық білім бөлімінің ұйымдастырумен өткен «Кітаптар әлемі» байқауына Камшат Елемесова ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, — деді ол.

Бүлдіршіндердің жетістігі бұнымен тоқтамайды. Айталық, «Әуен fest» ән байқауында балабақша бүлдіршіндері Әсем Бауыржан І дәрежелі дипломмен, Айзада Мұханбетлатип ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған. Оларға тәрбиеші Жазира Сантөре жетекшілік еткен. Бұл бақшада суретші бүлдіршіндер де көп. «Мен және менің отбасым» сурет байқауына қатысып, көркем етіп сурет салған Мөлдір Ерсайын І дәрежелі дипломмен, Абдуррахман Ерден ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған.

Нұрғаным ІЗТҰРҒАНҚЫЗЫ.

Ұқсас ақпараттар

АЯУЛЫМ — АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

admin_mugalzhar

Жыл қорытындысы: өңдеу өнеркәсібіндегі серпінді жобалар және Қазақстанда жаңа тауарлар өндірісін дамыту

admin_mugalzhar

АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.