«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Қар еріп, күн жылынғалы Қандыағаш қаласында сенбілік жұмыстары қарқынды жүруде. Қала көшелері қоқыстан тазартылып, аялдамалар мен бордюрлар, көшедегі қоршаулар жуылуда.

Қандыағаш қаласы әкімінің орынбасары Қанат Мусин тазалық жұмыстарын жүргізу үшін «Есенгужин» жеке кәсіпкерлігімен келісім-шартқа отырғандарын жеткізді. Қала көшелерін тазалауға 60-қа жуық ақылы әлеуметтік қызметкерлер жұмылдырылған.

-Тазалықтың табалдырықтан басталатыны сөзсіз. Өзіміз тұратын қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әрбіріміздің азаматтық міндетіміз. Осы орайда, қала әкімдігі сенбілік айлығының жарияланғанын күтпей қаланы қоқыстан тазалау жұмыстарын бастап та кетті. Бүгінді таңда қала аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелеріне жан-жағына тазалық жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылып, ескертулер беріліп жатыр. Сондай-ақ қаладағы 124 көпқабатты тұрғын үйдің кооперативтері тұрғындармен бірлесіп, аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізуде, — деді ол.

Оның сөзінше, ҚандыағашШұбарқұдық тас жолы бойының «Самал» мөлтек ауданы жағынан 250-ден астам қапшық қоқыс жиналған, ал қала көшелерін 30 камаз қоқыс арнайы полигонға шығарылған. Қоқыстың сыртқа шығарылуына «Ж.Е.С» ЖШС-і демеушілік көрсеткен. Ол алдағы уақытта қала тазалығын сақтау мақсатында жұмыстар жүйелі жоспарға сәйкес жалғасатынын мәлімдеді.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда 2025 жылға қарай жол сапасы жақсарады

admin_mugalzhar

Қазақстанда бензин бағасы тағы қымбаттады

admin_mugalzhar

Қазақстанда көпбалалы аналар мен ардагерлерге жеңілдік беріледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.