«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

Аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының бірінші сессиясының жалпы отырысы өтті. Аталған отырыста аудандық мәслихатының жаңадан сайланған депуттаттарының өкілеттілігін тану, аудандық мәслихаттың төрағасын сайлау және тұрақты комиссияларын құру қаралды. Жаңа депутаттар ішінен аудандық мәслихат төрағасы болып аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Бақытжан Кадралин сайланды.
Кадралин Бақытжан Дүйсенұлы 1967 жылы 3 қазанда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Орынбор облысы Бузулук қаласындағы Бузулук құрылыс техникумын «құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген. 1985-1987 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. Еңбек жолын 1987 жылы Октябрь АТП бақылау механигі болып бастаған. 1991 жылдан Қандыағаш филиалының ОРС НОД-2 меңгерушісі. 2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жеке кәсіпкер. Мұғалжар аудандық мәслихатының VІ, VІІ шақырылымдарының депутаты.

Ұқсас ақпараттар

Олжас Бектенов ҚР Премьер-Министрі қызметіне бекітілді

admin_mugalzhar

ПРОВЕРЕНА ГОТОВНОСТЬ ИЗБИРАТЕЛЬНОГО УЧАСТКА

admin_mugalzhar

ГАЗ ҚҰБЫРЫН ТАРТУҒА ЖОБА ӘЗІРЛЕНДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.