«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

611 тұрғын өз кәсібін бастамақ

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов «Ауыл аманаты» жобасы бойынша өтінімдерді қарап, саралайтын жобаларды басқару департаментінде болды.

Мұнда менеджерлер жобаға қатысқысы келетін ауыл тұрғындарына қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша кеңес беріп, құжаттарын жинауға көмектеседі, несие рәсімдеп, ісін бастаудың қыр-сырын үйретеді.

Өңір басшысы орталыққа келген әрбір ауыл тұрғынымен тілдесіп, жобаның тиімділігі туралы сөз етті.

Жобаларды басқару орталығының мамандары 12 ауданға бөлініп, бекітілген.

Орталық таңғы 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Бір күнде менеджерлер 10-нан астам өтінім қабылдайды. Бүгінде 611 ақтөбелік 3 млрд теңге көлемінде қаржы алып, өз шаруасын бастауға ынталы. Жобалардың көбі құс, өсімдік шаруашылығы бағытында. Жылыжай ашуға ниетті ауыл тұрғындары да бар.

Былтыр елімізде алғаш рет біздің облыста «Ауыл аманаты» жобасы бастау алғаны белгілі. Тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет өңірдің барлық 134 ауылдық округіне скрининг жүргізіліп, әрбір округтің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары әзірленді, жұмыссыз адамдардың, АӘК алушылардың, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың тізімі жасалды.

А.ІЛИЯСҚЫЗЫ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

Сайлаушылар тізіміне 11 миллионнан астам қазақстандық енді – ҚР ОСК

admin_mugalzhar

ОБЛЫС ӘКІМІ АҚКЕМЕРДЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ЖОСПАР: 42 АДАМҒА — ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.