«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚОҚЫС ТАСТАМАҢЫЗ! АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ!

Ауданда санитарлық-тазалық және көріктендіру бойынша көктемгі екі айлық жарияланғаны белгілі. Бұл жұмыстар бүгінде қарқын алып, әр апта сайын сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып келеді.
Алайда, күл-қоқыстарды, аулаларындағы кесілген талдарды арнайы орынға апармай, көшеге шашып тастайтын тұрғындар әлі де кездеседі.

Қандай да бір елді мекеннің тазалығы сақталып, көріктенуіне атқарушы билік те, жергілікті тұрғындар да жауапты. Қандыағаш қаласының әкімдігі мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қандыағаш қаласы бойынша көшелерде рейд жұмыстарын жүргізді.
Рейд барысында тұрғындар тарапынан қоқысты, аулаларындағы кесілген талдарды бейберекет көше бойына тастаған тұрғындарға заң аясында шаралар қолданылды.

Айта кетейік, қоғамдық орынға қоқыс тастаған тұлғаға ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылық Кодексінің 505-бабы.«Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша айыппұл салынады.

Бұл бағыттағы рейдттік жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады. Қала тазалығы баршамызға ортақ екенін ұмытпайық!

Ұқсас ақпараттар

2023 жылдан бастап Қазақстанда көлікті сақтандыру бағасына қандай өзгеріс енгізіледі?

admin_mugalzhar

Абайдың 180 жылдығы 10 күн аталып өтеді

admin_mugalzhar

ЕМБІЛІК ДИАС САЙЛАУДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.