Биыл ауданда балаларды тегін үйірмелермен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 50 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген. Аталған қаржыға аудан бойынша 600 бала қосымша сабақтарға тегін оқытылады.
Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бахраман Аманжолдың айтуынша, қосымша білім беру балалардың шығармашылық әлеуетін, қоғамға бейімделу дағдыларын дамытады және бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізуге мүмкіндік береді.
-Өткен жылы «Білім туралы» Заңға енгізілген толықтыруларға сәйкес, балаларға қосымша білім беру үшін мемлекеттік тапсырыс институты енгізілген еді. Осыған орай, мемлекеттік тапсырыс жекеменшік ұйымдарға да бөлініп, көп шығынды қажет етпей-ақ балалардың секцияларға, үйірмелерге және басқа да дамыту орталықтарына баруына мүмкіндік ашылды. Бүгінгі таңда аудан бойынша тегін үйірмелерді 3 оқу орталығы жүргізеді. Олар «Зерде», «Кемел», «Алғыр» оқуорталықтары. Бүгіндебалалардықабылдаужұмыстары ұйымдастырылуда, — деді Бахраман Қуанышұлы.
Аты аталған оқу орталықтары шет тілдері, математика, қолөнер, шешендік өнер, тігін тігу, мүсіндеу және керамика, макраме, робототехника пәндерін оқытатын болады.
Н.КЕСІКҚҰЛ