«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕРЕКЕ ИЕЛЕРІ АЛҒЫС ХАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Жыл сайын 6 желтоқсан күні Қазақстан прокуратурасының қызметкерлері кәсіби мерекелері — Прокуратура органдарының құрылған күнін атап өтеді. 

Бүгін аудан әкімі Дархан Ермағанбетов сала қызметкерлерін осы кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау және тұтас мемлекеттің құқықтық саясатын жүзеге асыру жолындағы еңбектеріңіз өлшеусіз. Ал осындай күрделі мәселелерді шешу үшін прокуратура қызметкерлерінен адалдық, әділеттілік және жауапкершілік талап етіледі. Осы орайда сіздерді Прокуратура күнімен шын жүректен құттықтай отырып, аса жауапты салада қоғамдық қатынастардың қалыпты болуы жолындағы адал еңбектеріңізге шынайы алғысымды білдіремін», — деді аудан әкімі.

Сонымен қатар аудан әкімі Дархан Ермағанбетов үлгілі қызметімен көзге түскен және өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқарған бірқатар прокуратура кызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттады.

Ұқсас ақпараттар

ҚҰМСАЙҒА АУЫЗ СУ БЕРІЛЕДІ

admin_mugalzhar

Биыл 752,7 шақырым жол жөнделеді

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар бұдан былай әскерге SMS арқылы шақырылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.